Өтетін орыны: Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 25/1., Сәкен Сейфулин атындағы қазақ драма театры

Премьера күні: Тамыз 2021 жыл

Автор: М. Әуезов

Қоюшы режиссёр: Фархад Молдағали

Жанр: Soundrama

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Жас санаты: 16+

Әуезов жазып, ғасырға жуық сан мәрте сахналанған әйгілі «Қарагөздегі» үштаған кейіпкерлерді режиссер қандай кейіпте «көреді?..»

Сол кезгі жастардың мұң-зарын шерткен шығарма мазмұны қазірге сай, заманауи қалыпта ұтымды көрсетіле ме?.. Бұл сұрақ бізге де қызық...

Бейкүнә басын сан-саққа соқтықтырып, сансыраған қыз тағдыры мен сарсаңға түскен қос тараптың тартысқа толы шиеленісін және спектакльдің тың нұсқасын көріп, жан-дүниеңізді серпілткіңіз келсе, спектакльді көруге келіңіз!