Өтетін орны: Қарағанды қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры (Кіші зал) , Бұқар Жырау даңғылы, 25
Автор: Ә.Оразбеков
Премьера күні:12 желтоқсан, 2025 жыл
Режиссёр: Д. Еспаев
Актерлар: Баян Мамитова, Аңсаған Сәдуақас, Сұңқар Айдос, Ботакөз Мұғиын, Төлеген Қозы, Ханзада Саттар, Әділет Совет
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас санаты: 12+
«Бір түп алма ағаш» – әр қазақ отбасының ішіндегі қансыраған жараны қозғайтын драма. Жылдар бойы бас қоспаған бауырлар шаңырақтың кенжесі Мақсаттың шақыруымен аналарының 60-жылдығында бас қосады... Алайда ойланбай айтылған бір ауыз сөз, ағайындар арасындағы ескі жараны қозғап, аяғы өліммен аяқталады...Тозып бара жатқан үй, өкпе-назға толы әңгімелер… Ал ортасында – аналары Дәметкен және мүгедек болып қалған кенже ұл Мақсат. Оқиғаның символы – тамырынан айырылса сола бастайтын бір түп алма ағашы. Бозторғайдай шырыл қаққан Мақсаттың үні неліктен аға-әпкелерінің жүректеріне жетпеді, неліктен тоң боп қатқан бауырлардың көңілдеріндегі мұзды ерітпеді? Біз қай уақытта түп қазығымыз- салт-дәстүрімізден қол үзіп қалдық? Қарға тамырлы қазақ неге бір-біріне бөтен-бөтен емес-ау жауға айналып бара жатыр? Бұл спектакль сіздің жан дүниеңізді сілкілеп, көңіл тұңғиығыңызды тазартып, жақындарыңызға жаңаша бір жылулықпен қарауға итермелейтін қойылым!

