Өтетін орыны: Қарағанды қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры, Бұқар Жырау 25/1;

Жас шектеуі: 12+

«Ұлым, саған айтамын» – әке мен бала арасындағы үнсіз сыр, айтылмай қалған өкініш пен кешірім туралы жүрекке жететін қойылым. Бұл спектакль әр әкенің ішкі жан айқайын, әр баланың түсінуге деген мұқтаждығын сахна тілімен шынайы жеткізеді. Ұрпақтар арасындағы алшақтық, өмірлік таңдау, жауапкершілік пен тәлім мәселелері терең толғаныспен өрбиді.

Қойылымның басты рөлінде – Қазақстан Республикасыныңеңбек сіңірген қайратекері, Парасат орденінің иегері, танымал театр және кино актері Бекжан Тұрыс. Оның сахнадағы шеберлігі мен эмоциялық қуаты көрерменді бейжай қалдырмай, әр жүрекке ой салады. Одан бөлекқойылымда, Шымкенттік жастардан құралған «17» жастар театрыда бой көрсетеді.

Бұл – тек спектакль емес, бұл – әр әке мен әр баланың ішкі әңгімесі.