Мекен-жайы: ҚарағандыБұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: Т. Ибрагимов

Премьера күні: 4-5 наурыз 2020 ж.

Қоюшы-режиссер: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов.

Қоюшы-суретшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Е.Тұяқов.

Композитор: ҚР Халық әртісі С.Мұхамеджанов.

Жанр: драма

Қосымша:

«Абайдың шыққан биігі - Құнанбайдың иығы»

Оқудан еліне асыққан шәкірт баланың сарғайған сағыныш сезімі қайда жетелейтіні беймәлім. Өмірдің әр өткелінде қандай да бір шешімге тоқталу қажет екенін түсінген Жас Абай әкесінің қатал үкімінен кейін қандай ой түймек? Жан-жағынан айтылып жатқан ауыр  сөздер, жақын көрген адамдардың  кейбір іс-әрекеттері, әсіресе әкесі Құнанбайдың үлгі-өнегесі Абайды  данышпан  ретінде қалай қалыптастырды?

Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай Сәкен театрында сахналанып жатқан бұл спектакль тұнық ойлар мен ерекше көркемдік шешімдерге толы. Әсіресе, хакім Абайдың ортасы, данышпан Абайдың өсу жолдары жан-жақты бейнеленген.

Басты кейіпкерлер Құнанбай, әжесі Зере, анасы Ұлжан, халық өкілдері Сүйіндік, Бөжей, Байсал секілді сол заманның адамдарының іс-әрекеті арқылы жақсы мен жаманды, жалған мен ақиқатты көріп өскен Абай шын мәнінде Ұлы Даланың кемеңгері болып қалыптасты.