• Главная
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша зерттеулер осы жазда өтті
Новости компаний
15:00, 18 ноября 2019 г.
Надежный источник

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша зерттеулер осы жазда өтті

Новости компаний

Заманауи әлемдегі сын-тегеуріне жауап ретінде қазақстандықтардың санасын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған сәттен бастап белсенді ақпараттық қолдаумен сүйемелденеді. Бұл қолдау түрлі іс-шаралар мен құралдардың кең жиынтығын қамтиды. Халықты бағдарлама туралы ақпараттандыру міндетін бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық коммуникациялар: газеттер, журналдар, радио және теледидар, электрондық БАҚ (сайттар, ақпараттық ресурстар, әлеуметтік желілер) орындайды.

Алайда, ақпарат беру адамдардың қандай да бір ақпаратты талқылауға әкеп соқтырмайтыны құпия емес.  Ақпараттық ағындарда қандай да бір объектінің болуы оның талқылау тақырыбы ретінде әрекет ететініне өзі кепілдік бермейді. Тұлғааралық және топтық қарым-қатынас түрінде қоғамда бағдарлама туралы ақпаратты таратудың тағы бір арнасы пайда болды ма?  Біз бір-бірімізбен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылаймыз ба?

Осы жазда Қазақстан барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қаласын қамтыған ауқымды әлеуметтік зерттеу азаматтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын достарының, туыстарының, әріптестерінің ортасында талқылай ма деген сұраққа жауап табуға тырысты. Халықтың іске асырылып жатқан бағдарламаның басты бенефициары ретінде әрекет ететіндігіне қарамастан, жай адамдар іске асыру үрдістеріне қатыстылығын әрдайым сезіне алмайды, ал кейбір жағдайларда бағдарламаның бар екендігі туралы тіпті хабардар болмауы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы достардың, туыстардың, әріптестердің әңгімелерінде талқылау тақырыбы болып жиі кездеседі. Бұл туралы сұралғандардың 30%-ы хабарлады – бұл едәуір көп үлес. Сондай-ақ сұхбаткерлердің 29,8%-ы жауап беруге қиналды (олардың бір бөлігі бағдарламаны талқылауы мүмкін, бірақ өкінішке орай, нақты санын анықтау мүмкін емес).

Жалпы зерттеуге 2500-ден астам қазақстандық қатысты.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамамен cisc.kz сайтында, «Ресурстар» бөлімінде танысуға болады. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелерін бағалау мақсатында ұлттық әлеуметтік зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Рухани Жаңғыру #Қазақстан #зерттеу
Объявления
live comments feed...