
16:00, 8 декабря 2022 г.
Қарағандыда «Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» жобасы іске асырылды

фото: сайт редакциялары EKARAGANDA.KZ
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас ел-жұрт бәсекелестік қабілетін арттырғанда ғана табысқа жету мүмкін екеніне көз жеткізген. Ал бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – жекелеген феноменнің яки ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарық бағасына өнімінің яки қызметінің сапасымен өзгелерден ұтымды дүние ұсы¬нып, ықпал етуге қабілеттілігі, сайт редакциясы хабарлайды EKARAGANDA.KZ AAGANDA.KZ
Бұл тұста әңгіме материалдық өнімге ғана емес, сондай-ақ білімге, қызмет көрсету сапасына, зияткерлік өнімге, еңбек ресурсының сапасына да қатысты. Бұл аксиома-пайым мемлекетіміз басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты (2017 жылғы сәуірде жарияланған) мақаласында да көрініс тапты. «Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» жобасының негізгі мақсаты – жан-жақты дамыған, сегіз қырлы бір сырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Жоба аясында 4 пән бойынша Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларында тренингтер өткізілді: «Шешендік өнер әліпбиі» «Мақсатқа жету технологиясы», «Көшбасшы болуға үйренейік», «Бақытты болғыңыз келсе».

фото: сайт редакциялары EKARAGANDA.KZ
Облыстың Абай, Бұқар-жырау, Шет және Ақтоғай аудандарында «Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» дәрістері өткізілді.
Аталған іс-шараларды Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі, әдебиеттанушы ғалым, сыншы Жандос Қожахметұлы Смағұлов өткізді.

фото: сайт редакциялары EKARAGANDA.KZ
Жобаны Қарағанды облысының Азаматтық альянсы «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша іске асырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
09:10
Вчера
11:07
9 мая
ТОП новости
Объявления
12:55, 2 мая
live comments feed...