Шығыс өнімдері - Астанада

Бүгін елордамыз Астана қаласының төрінде Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық өндірушілерінің жәрмеңкесі басталды.

Оған облыстың Семей, Өскемен қалалары және Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зырян, Глубокое, Зайсан, Жарма, Тарбағатай, Күршім, Көкпекті, Шемонайха, Қатонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қатысуда.

Жәрмеңке өткізу кезінде 100-ден астам сауда орындары ұйымдастырылған екен. Астана тұрғыны өзіне керекті бал және ара өнімдері, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, бұрыш, жылқы еті, сүт өнімдерінің түрлері (сүзбе, ірімшік, қаймақ, сүт қышқылды өнімдер), шұжық өнімдері, балық, панты өнімдері, бақша өнімдері және картоп, қырыққабақ, сәбіз және әртүрлі ұлттық тағамдар: қымыз, тары, құрт және т.б. дәл осы жерден таба алады. 

Барлығы 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдері, оның ішінде 35 тонна бал, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімі, 13 тонна күнбағыс майы, 8 тонн жарма, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, панты өнімдері, 200 тоннаға жуық көкөніс өнімдері, картоп және тағы басқалар ұсынылып отыр. Бағамы да күндегіден 15-20 пайызға төмен.

Астана ауа-райы да өте қолайлы болып тұр, сағат 10 шамасында жәрмеңкеге келушілер саны біршама. Яғни, түс әлетінде келушілер тіптен көп болары анық. Елорда тұрғындарының көбінің алып жатқаны Алтай балы. Бал сатылып тұрған орындардан алушылар қарасы үзілмейді.  

Сонымен қатар, елорда тұрғындары шығыс өңірінің көркемөнерпаздарының қатысуымен болатын концерттік бағдарламаны да тамашалап жатыр. Саудасын жасап болғандар әсем ән мен әуезді күйді тыңдауда. 

Мысалы, мына бір ағамыздың жайғасып алғанына қарағанда концерт тамаша өтіп жатқанға ұқсайды.

Жәрмеңке бүгін және ертең сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін болады деп жоспарланған. 

Астана Астанановости акиматАстаны ярмаркаВКО
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии
Ответственный за раздел
Ирина Логвинова
Журналисты сайта inKaragandy.kz к вашим услугам.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Караганды больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!


Редактор - inKaragandy.kz

Телефон: +7 700 978 78 35